Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан синоптиктері маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым аумағында ыстық ауа райы болжанады. Ауа температурасы жоғарылайды. Осындай ауа температурасының жоғарғы фоны Иран мен Орта Азия аудандарынан келген тұрақты ауа массасының шығарлуымен байланысты болады. Тек еліміздің батысында циклондардың әсерінен найзағаймен бірге өткінші жаңбыр және ауа температурасының түнде +18+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі күтіледі», – делінген хабарда.
Еліміздің оңтүстігінде түнде +20+27°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-қа дейін; республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +17+25°С-қа дейін, күндіз +33+41°С-қа дейін; еліміздің оңтүстік-шығысында түнде +8+16°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +24+31°С-тан +34+39°С-қа дейін, республиканың шығысында түнде +2+10°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +33+38°С-қа дейін ысиды.
Бірінші онкүндіктің соңында циклонның әсері тек батыс аумақтарға ғана емес, біртіндеп төменгі қысым аймағы еліміздің барлық территориясын қамтиды. Фронт бөліктерінің өтуімен республиканың басым аумағында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ пен шаңды дауылдың болуы да мүмкін. Сонымен қоса қысқамерзімге ыстықтың төмендеуі болжанады.
Маусым айының екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ және шаңды дауылмен бірге салқын ауа райымен ауысып отырады.
Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +16+26°С-қа дейін, күндіз +21+31°С-тан +31+40°С-қа дейін; республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +5+15°С-тан +11+21°С-қа дейін, күндіз +16+26°С-тан +26+36°С-қа дейін; еліміздің оңтүстігінде түнде +13+23°С-тан +18+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +32+42°С-қа дейін ысиды.
«Маусым айында орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым аумағында нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында - норма шамасында күтіледі.», – деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34