Қазақстан тұрғындарына газ 252% -ға қымбатталып сатылуда

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстан тұрғындарына сұйытылған мұнай газы (СМГ) 252% -ға қымбаттатылып сатылуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекеттің өндірушілерге СМГ сатудың бағасын Т38 701/тонна көлемінде белгілегеніне қарамастан, нақты түрде СМГ халыққа Т136 500/тонна бағасымен сатылуда, яғни 252% қымбаттатылған», - деп хабарлады жұма күні Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінен.
Монополияға қарсы орган оған өндірушілердің сұйытылған мұнай газын сатуда қосымша қызметтерді қосуы себеп болып отыр деп санайды. Осылайша мемлекет белгіленген газ бағасы көтеріледі.
«Осыған байланысты монополияға қарсы орган «Атырау мұнайды қайта өңдеу зауыты» АҚ-ға қатысты үстем жағдайды терiс пайдалану, атап айтқанда:
контрагенттің шарт мәні болып табылмайтын мәмiленiң экономикалық немесе технологиялық негізсіз талаптарын таңу дерегі бойынша тергеу амалдары басталған», - деді ведомстводан.
Сонымен қатар, монополияға қарсы агенттік СМГ кемсітіп бөлуге қатысты мемлекеттік органдардың әрекеттеріне газ желілік ұйымдардан көптеген шағымдардың түскенін жеткізді.
«Сонымен, 2017-2019 жылдар аралығында жергілікті атқарушы орган атына мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері бөлігінде бұзушылық белгілері бары туралы үш хабарлама енгізілді, және нұсқамаларды орындамауға қатысты Ақтөбе және Ақмола облыстары әкімдіктерінің энергетика басқармаларына қатысты екі тергеу амалдары жүргізілген», - деді ведомстводан.
Еске салсақ, монополияға қарсы комитет бүгінде Нұр-Сұлтанда 20 негізгі тауар нарығында бәсекелестік жағдайына талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының отырысын өткізіп жатыр.

adimage