Қазақстан тамызда ОПЕК+ аясында тәулігіне 1,7 млн баррелден астам өндіретін болды

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан тамызда ОПЕК+ аясында тәулігіне 1,7 млн баррелден астам өндіруге міндеттелді, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігі.
«Жиында келісім бойынша елдердің мамырдағы міндеттемелерінің орындалуы талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіріс деңгейін тамызда 0,648 млн.барр/тәул. дейін арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Тамыз айындағы Қазақстанның міндеттемесі 1,706 млн.барр/тәул. құрап отыр», - делінген хабарда.
Қазақстан атынан жиынға энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

adimage