Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда 20 мыңға жуық мемқызметкер жаттықтыру залдарына тегін барып жүр, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен (МҚІжСЖҚІА).
«Әдеп жөніндегі кеңес мемқызметкерлерге жайлы жағдай жасауға бағытталған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жұмыстар жүргізді, бүгінде әр өңірде спорт жаттығуларына тегін бару үшін спорт кешендерінде нақты сағаттар ұсынылады. Мемқызметкер сол залға келіп, жаттығуға құқылы. Бұл сан бүгінде 20 мың мемқызметкерге жетті», - деп хабарлады бейсенбі күні брифингте агенттіктен.
Ведомствода мәлімдегендей, агенттік министрлік қызметкерлері арасында артық жұмыс жасауды жою бойынша тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
«Денсаулық сақтау министрігінде артық жұмыс жасау сағаты 80%-ға қысқарған. Осыған ұқсас жағдай ұлттық экономика министрлігінде де байқалуда, ол жерде артық жұмыс жасау 77% қысқарған, сыртқы істер министрлігінде артық жұмыс жасау 68%, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 59% қысқарған», - деді МҚІжСЖҚІА-дан.
Қазақстанда 20 мыңға жуық мемқызметкер жаттықтыру залдарына тегін барып жүр
