Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі Т2 трлн құрады

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі Т2 трлн құрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі Т2,0 трлн құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 3,9% жоғары», - деді ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров сейсенбі күні халықпен есепті кездесуінде.
Министрдің айтуынша, бүгіннің өзінде Қазақстаннан әкелінетін 13 тауар тобына арналған Қытай базары ашылған, сондай-ақ Иран тарапынан тірі қойларды, қатырылған және мұздатылған қой етін жеткізу талаптары келісілген.
«Нәтижесінде Қытайға агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспорты 30,4% (барлығы экспорт – $258,2 млн) артқан, Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, КСА, Оман, Бахрейн) – 4,1 есе ($3,6 млн), Иранға – 2,1 есе ($328,9 млн), ЕО-ға 14,6% ($303,6 млн) артқан», - деді Омаров.
Оның айтуынша, АӨК өнімінің жалпы экспорты 2018 жылы 24,5% өскен, соның ішінде қайта өңделген өнімдердің жалпы экспорты 3,5% өскен.

adimage