Қазақстанда алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады

   Астана. 27 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанда алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
  "Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын солтүстік-батыс циклон бұл аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 29 маусымда Солтүстік өңірлерде, 30 Маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай - ақ бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі", - делінген дүйсенбіде таратылған 28-30 маусымдағы ауа райы болжамында.
  Атап өтілгендей, тек еліміздің батыс облыстары ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді.

adimage