Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 2% -ға артты

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - 2019 жылы қаңтар-қазанда Қазақстанда мұнай өндіру 2%-ға артып, 65,1 млн тоннаны құрады, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ай сайынғы есебінде.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың он айында 9,7 млн. тонна газ конденсаты өндірілді (-9,6%), табиғи газ – 46,3 млн. текше метр (+1,4%), көмір – 92,8 млн. тонна (-2,9%) өндірілген.

adimage