Қазақстанда бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы 15% қымбаттады

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда бір жылда наурыз айындағы жағдай бойынша азық-түлік тауарларының бағасы   15% қымбаттады, деп хабарлады стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (СТРА) ұлттық статистика бюросынан (ҰСБ).  
«2022 жылғы наурызда 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда баға азық-түлік тауарларына 15,4% жоғарылады», - делінген хабарда.
Бағаның өсуі құмшекерге – 51,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 44%, картопқа – 37,8%, құс етіне – 25,5%, күнбағыс майына – 23,8%, жармаларға – 22,2%, макарон өнімдеріне – 17,7%, қой етіне – 16,7%, жылқы етіне – 15,1%, ұнға – 15%, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге – 13,6%, пастерленген сүтке – 13,1%, ет өнімдеріне – 12,6%, қышқыл сүт өнімдеріне – 12,5%, жаңа жиналған жемістерге – 12,2%, қатты ірімшікке – 12,1%, ,нанға, сары майға – 11,4%-дан, кондитерлік өнімдерге – 11,3%, шошқа етіне 11,1% байқалды. Минералды және ас су – 15,9%, темекі өнімдері – 15,2%, салқындатылған сусындар – 14,3%, алкольді сусындар 9,6% қымбаттады.  
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,6% байқалды.
2022 жылғы наурызда (2021 жылғы наурызға) баға өсімі азық-түлік емес тауарларға 10,9% құрады. Бір жылда (2022 жылғы наурыз 2021 жылғы наурызға) баға ақылы қызметтерге 8,3% өсті.

adimage