Қазақстанда іс-шаралар туралы хабар таратуға журналистердің қатыстырылу ережесін күшейтпек

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда іс-шаралар туралы хабар таратуға журналистердің қатыстырылу ережесін күшейтпек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Журналистерді аккредиттеу қағидасында (…) 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «(…) Өтінішке қоса: аккредиттелуші журналистің жеке бас куәлігінің көшірмесі; (...) аккредиттеген мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына журналистің жазбаша (еркін формада) келісімі; журналист пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуы керек», - делінген сәрсенбіде таратылған «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ақпарат және коммуникация министрлігі бұйрығының жобасында.
Қолданыстағы қағидада аккредиттеу алу үшін аталмыш құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
«(Қағидаттың – ҚазТАГ) 8 тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Журналистті аккредиттеуден бас тарту туралы шешім келесі жағдайларда қабылданады: 1)осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар жетіспеген жағдайда; 2) өтiнiштiң мазмұны осы қағиданың талаптарына сәйкес келмесе; (...) 4) аккредиттеу және ғимаратта басқа журналистерді орналастыру жағдайында өтетін отырыс, жиналыс және басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда », - делінген АКМ бұйрығының жобасында.
Іс-шара өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігінің болмауы туралы тармақша да қолданыстағы ережеде жоқ.
«10. Аккредиттелген журналист аккредитінен айырылады: 1) («Бұқаралақ ақпарат құралдары туралы» - ҚазТАГ) заңның 22 бабы 4 тармағында белгіленген жағдайда; (…) 4) аккредиттеген органның ішкі тәртібінің және модератор регламенті бұзылса», - делінген құжатта.
Аккредиттеуден айыру үшін көрсетілген аталмыш талаптар қолданыстағы ережеде жоқ, ал БАҚ туралы заңның 22 бабы 4 тармағы келесідей: «Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн.».
Әр тармақ бойынша АКМ түзету енгізуіне келесілер негіз болған: «БАҚ өкілінің статусын растау мақсатында», «отырыстар мен басқа да шаралар өтетін жалпы орындар (конференц-зал, мәжіліс залы) шектеулі» және «аккредиттелген журналистерді үзіліссіз жұмыс және техникалық жабдықпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орган жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру».
Бүйрық жобасы 27 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

adimage