Қазақстанда өкпе, асқазан және сүт безі ісігіне шалдығушылар көп

Күні: 18:10, 18-03-2019.

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда өкпе, асқазан және сүт безі ісігіне шалдығушылар көп, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Аурулар тізілімінде сүт безі ісігі, өкпе ісігі, асқазан ісігі көш бастап тұр, ары қарай жатыр мойнының ісігі, тоқ ішек ісігі аурулары кездеседі. Негізінен өкпе, сүт безі және асқазан ісігі салдарынан науқастар көз жұмып жатады», - деді Біртанов дүйсенбідегі үкімет сағаты барысында.
2019 жылдың 1 қаңтарында, оның айтуынша, диспансерлік бақылауда қатерлі өскін диагнозымен 181 344 науқас тұрған.
«2018 жылы алғаш рет 35 753 дам есепке алынған, оның 44,3%-ы ер адамдар болса, 55,7%-ы әйелдер. Ісіктен көз жұмғандар арасында ер адамдар көп - 53,8%. Алғаш рет ауруға шалдыққандардың шамамен 60%-ы - 18-63 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: