Қазақстанда шілдеде маусыммен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс шегінің деңгейі төмендеді

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 2019 жылдың шілдесінде ең төменгі күнкөріс шегінің деңгейі Т29 618 құрады, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
ТКШ маусымда Т29 872 болды.
Осылайша, шілдеде ең төменгі күнкөріс шегінің деңгейі маусыммен салыстырғанда 0,9% қысқарды.
2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда шілдеде ең төменгі күнкөріс шегінің деңгейі 12% өсті.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12%-ға жоғарылады», - делінге ҰЭМ хабарында.
Статақарға сәйкес, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,8%, жемістер мен көкөністерді – 10,9%, нан және жарма өнімдерін – 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2%-ды құрады

adimage