Қазақстанда тағы бір облыс «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ- Қазақстанда тағы бір облыс Covid-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сейсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу көзделетін "қызыл "аймақта Нұр-сұлтан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қолданыстағы карантиндік шараларды сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту көзделген "сары " аймақта Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар, оларға «жасыл» аймақтан Атырау облысы қосылды.
Жағдайы тұрақты деп бағаланатын "жасыл" аймақта Шымкент, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары орналасқан.
Қазақстанның өзі «сары» аймақта.

adimage