Қазақстандағы энергокомпаниялардың 52% астамы дайындық паспорттарын алмаған

Алматы. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жартысынан астамы күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын әлі алмаған, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен.
«30 қыркүйекте энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Бүгінгі таңда 161 өтініш келіп түсті, оның ішінде 77-сі (54 станция, 23 желі) берілді, тағы 84 (40 станция, 44 желі) қаралуда», - делінген ҚР ЭМ ресми сайтындағы хабарда.
Осылайша, дайындық паспорттарын энергокомпаниялардың әлі 52% астамы алмаған.
Ақпарға сәйкес, ел өңірлерінің басым бөлігінде жылыту маусымы қыркүйектің аяғында басталған.

adimage