Қазақстанда жұқпалы аурудың 61 түрі бойынша көрсеткіш төмендеді – ВАК

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда жұқпалы аурудың 61 түрі бойынша көрсеткіш төмендеді, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
«Жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалып отыр, тұрақты оң динамика бар. Санитарлық қызметтер 97 жұқпалы ауру бойынша нақты мониторинг жүргізуде, жарты жылдың қорытындысы бойынша ауру 61-ге дейін төмендеген», - делінген жұмадағы хабарда.
Атап айтсақ, сірлі менингит (14,6 есе), іріңді менингит (4,8 есе), сальмонеллез (2,5 есе), ауыздағы вирусты энтерит (38,2%), бруцеллез (46,1%), көкжөтел (26%), менингокты инфекция (26,8%), қызылша (3,2 есе), туберкулез (27,3%) аурулары бойынша көрсеткіш төмендеген.
«Ағымдағы жылы елімізде обамен, тырысқақпен, іш сүзегімен, құтырумен, туляремиямен, дифтериямен, сіреспемен, қызамықпен, және басқа да жұқпалы ауру түрлерімен ауырғандар тіркелмеген», - делінген хабарда.
ВАК атап өткендей, обамен, Конго-Қырым гаморрагиялық қызбасымен және басқа да табиғи-ошақтық жұқпалы аурулармен ауырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет нүктелі профилактикалық шаралар жүргізуде.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 101 848-ге жеткен, 78 633 адам жазылған, 1269-ы қайтыс болған.
1 тамыздан бастап Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны - 16 666, қайтыс болғандар саны - 198.

adimage