Қазақстанда жаңа баспананың 1ш.м. құны шілдеде 0,6% өсті

Күні: 12:42, 08-08-2019.

Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – 2019 жылдың шілдесінде Қазақстанда жаңа баспана бағасы Т284 138 құрады және бір айда 0,6%, бір жылда 3% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтынан.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,6% (жыл басынан бері 3%) өсіп Т194 385 жеткен, абаттандырылмаған тұрғын үйлердің құны сәйкесінше, 0,9% және 2,7%-ға өсіп, Т121 479 жеткен.
Тұруға жайлы баспананың 1ш.м. жалға алу бағасы – 1 446 теңге (сәйкесінше +0,7% және +3,3%).


Жаңалықтармен бөлісу: