Қазақстанда жаңа баспананың 1ш.м. құны қыркүйекте 0,4% өсті

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда жаңа баспана бағасы Т285 640 құрады және бір айда 0,4%, бір жылда 3,6% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің сайтынан.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,3% (жыл басынан бері 4,6%) өсіп Т197 299 жеткен, абаттандырылмаған тұрғын үйлердің құны сәйкесінше, 0,3% және 4,3%-ға өсіп, Т123 315 жеткен.
Тұруға жайлы баспананың 1ш.м. жалға алу бағасы – 1 470 теңге (сәйкесінше +1% және +5%).

adimage