«Қазақстандық ипотекалық компания» ДК құрамы өзгерді

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық мекемесі» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Өз еркімен қызметтік уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ директорлар кеңесі құрамының мүшесі Таджияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы шықты», -делінген KASE-де жарияланған компания хабарламасында..
Осылайша, «Қазақстандық ипотекалық компания» ИМ» АҚ директорлар кеңесінің құрамы бес адамға дейін қысқарды: Жандос Шаймарданов, Әділ Мұхамеджанов, Ерболат Оспанов, Нұрлан Тоқобаев, Асқар Елемесов.

adimage