Қазақстаннан РФ-ға 7 тоннадан астам құс етін алып өтудің жолы кесілді

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – Ресейге Қазақстаннан заңсыз 7 тоннадан астам құс етін алып өтудің жолы кесілді, деп хабарлады Россельхознадзор сайтынан.
«13 мамырда Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы Ресей-Қазақстан шекарасының бөлігінде «Маштаково» КАӨП ауданында Ресей аумағына Қазақстаннан 7,2 тонна құс етін (үйрек еті) алып өтудің жолын кесті», - делінген хабарда.
Сонымен, белгілі болғандай, жөнелтпе құжаттарына сәйкес Қазақстаннан келе жатқан көлікте картоп болуы керек екен.
«Алайда көлікті тексеру кезінде картоп тиелген қаптардың астында 7,2 тонна үйрек еті табылған, ол температуралық режим сақталмай және жөнелтпе құжатынсыз әкеліне жатқан. Мал өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық сертификаты жоқ, бұл РФ және ЕАЭС ветеринарлық заңнамасының бұзушылығы болып табылады. Тәркіленген өнім таңбалануына қарағанда Қытайда шығарылған», - делінген хабарда.

adimage