Қазақстанның алты облысында дүйсенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында дүйсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2023 жылғы 26 мен 28 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай облысының басым бөлігінде қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және судың жайылуы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін», - делінген хабарда.
2023 жылдың 26 мен 28 наурыз аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның түсіуне байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.
27 наурызда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
27 наурызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
27 наурызда күндіз Түркістан облысының тау асуларында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

adimage