Қазақстанның барлық облысында жайылымдардың тапшылығы байқалуда - Мамин

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның барлық облысында дерлік жайылымдардың тапшылығы байқалуда, деп жауап берді премьер министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттары тобының сұрағына.
«Елді-мекендердегі жайылымдар алаңы 20,9 млн га. құрайды. Жүктеме нормасы бойынша жеке аулаларда ауыл шарушалық мал басының саны 6,7 млн деп алсақ, қосымша 32,4 млн га. қажет. Елді-мекендер үшін жайылым алқаптарының тапшылығы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарынан басқа облыстардың барлығында байқалуда», - деді депутаттар сауалына берген жауабында Мамин.
Ол нақтылағандай, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мен жер балансының ақпарынша республикада барлығы 180,5 млн га. жайылымдық жер бар екен.
Еске салсақ, 2019 жылдың 18 желтоқсанында мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев жайылымдар туралы заңның 15 бабына сәйкес қабылданған жайылымдарды басқару жоспарының қағаз түрінде ғана екенін, оның атүстілік сипатқа ие екенін және іс жүзінде өңірлерде орындалмай жатқанын мәлімдеген еді. Ол жайылымдарды басқару жоспарының тиісті заң талаптарына жауап бермейтінін атап өткен еді.

adimage