Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр және қар жауады деп болжануда

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде жаңбыр және қар жауады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдығы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, тек 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 0-7 градус аяз дейін, күндіз 2 градус аяз-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді, елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі күтіледі.

adimage