Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:03, 24-04-2019.

Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Сонымен, 25 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ күтіледі.
«Оңтүстік-батыстан соққан жел сотүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с. Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Түркістан облысында түнде солтүстік және таулы аудандарда 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
«25 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Түркістан қ.: 25 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Батыстан, шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с», - делінген хабарда.
СҚО-да кей жерлерде тұман және бұршақ күтіледі.
«Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 25 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: