«Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов: 2014 ЖЫЛҒА ТАЗА КІРІС ДИНАМИКАСЫНАН ОҢ КӨРСЕТКІШТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН


Алматы. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылдың қаржылық қорытындысын шығарды. 2014 жылдың қаржылық жоспарының таза табысына қатысты алдын-ала болжам туралы ҚазТАГ тілшісіне «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Арнұр Нұркатов әңгімелеп берді.

 

- Арнұр Арыстанұлы, жыл аяғында әдетте қорытынды шығарамыз. Қазірдің өзінде «Қазақтелеком» 2013 жылға қойылған міндеттердің барлығын орындап болды деп айтуға бола ма?

 

- Иә, бүгіннің өзінде 2013 жылға жоспарланған негізгі көрсеткіштер мен шаралардың барлығы орындалатын болады деп айтуға болады.

Бұл жыл «Қазақтелеком» үшін өте маңызды болды, себебі компания дамуының жаңа кезеңінің бастауы болды.

Қалааралық және халықаралық байланыс қызметіне сұраныстың барынша төмендеуі мен бәсекелестіктің күшеюіне қарамастан, бізге негізгі бизнесіміздің- кең жолақты интернетке қол жетімділіктің бекітілуін қоса есептегенде, тиянақталған телефон қызметінде өсімге қол жеткіздік және мобильді кең жолақты қол жетімділікті дамыту бөлігінде де барлық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткіздік, тіпті кейбірін артта қалдырдық.

 

- Қазақстанда жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан 4G/LTE желісінің дамуы да компания жобаларының арасындағы табысты жүзеге асырылып келе жатқандарының бірі деп санауға болады ғой?

 

- Әлбетте. есіңізде болса, «4G LTE стандартты байланыс желісін енгізу және құру» жобасының бірінші кезеңі Алматы мен Астанада 2012 жылдың желтоқсанында басталды. 2013 жылы LTE желісі Ақтауда, Атырауда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Теміртауда, Жезқазғанда, Өскеменде, Шымкентте, сондай-ақ Астана мен Алматы қала маңдарына тарады. Жаңа бағыттардың дамуы және сатылымның артуымен қатар 2013 жылы ішкі тиімділікті арттыру бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізілді.

Ұзақ мерзімді жүктемені оңтайландыру және қарыздарға қызмет көрсету мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйегінде ішкі қарыз облигациясының бір бөлігі мерзімінен бұрын жабылды ($200 млн).

 

- 2013 жыл қорытындысы бойынша «Қазақтелекомның» таза кірісі қандай?

 

- Алдын-ала бағалау бойынша, 2013 жылы біз сатудан алынатын кіріс бойынша 185 млрд теңге (2012 жылғы дерек бойынша 105%), EBITDA - шамамен 62 млрд теңге EBITDA margin 34%-дан артық болды.

 

- Компанияның 2014 жылғы жоспарына қандай таза кіріс қарастырылған?

 

- 2014 жыл жоспарында «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік орталық бойынша таза кіріс динамикасынан оң көрсеткіштер қарастырылған. Сонымен қатар біз LTE енгізу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Ол жиынтықталған таза кіріске ықпал етуі мүмкін.

 

- Келесі жылға компанияның желіні дамытуға салатын инвестициясы қанша?

 

- Жалпы алғанда «Қазақтелеком» АҚ тобының инвестицялық бюджеті 68,9 млрд теңгені құрайды.

 

- Сіз жеке өзіңіз компанияның қаржылық тарихында нені мақтан етер едіңіз?

 

- Дағдарысқа, телекоммуникациялық нарықтың үнемі өзгеріп отыратын коньюктурасына, жаңа технологиялар мен қызметтердің дамып отырғанына қарамай, компаниямыз салада көшбасшылық позициясын сақтап, өзінің өсу динамикасында оң нәтиже көрсетіп, қаржылық тұрақтылық танытып отырғанын айтар едім.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage