«Қазақтелеком» АҚ бас техникалық директоры Александр ЛЕЗГОВКО: ҚАЗАҚСТАННЫҢ 80 МЫҢДАЙ АБОНЕНТТЕРІ LTE ЖЕЛІСІНІҢ БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Кубатбек Тұратбеков. «Қазақтелеком» 2007-2012 жылдары Қазақстанның 14 облысында 363 базалық стансаны орнатып, пайдалануға тапсырды. Олардың ішінде 585 станса EV-DO технологиясын пайдаланып жұмыс істейді, ол ауыл округтарында кең жолақты қосылуға мүмкіндік береді. Ауылды жерлерде телекоммуникациялық қызмет көрсетудің географиясын кеңейту бойынша жобаны іске асыру туралы ҚазТАГ агенттігіне «Қазақтелеком» АҚ бас техникалық директоры Александр Лезговко айтып берді.

 - Сіз ауылды жерлерде телекоммуникациялық қызмет көрсету деген не екенін түсіндіріп беріңізші.

 

 - Бұл жоба ең алдымен, ауыл тұрғындарына телефония және мәліметтерді беруді 512 Кбит/сек жылдамдықпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 - Осы саладағы ұзақ мерзімдік даму жоспары ауыл аумақтарын сымсыз CDMA/EV-DOтехнологиясы бойынша байланыспен толық қамтуды қарастыра ма?

 

 - Шын мәнісінде ауыл аумақтарын толық қамту қажет емес. Егер ол аумақта елді мекен жоқ болса, ондай көрсеткішке ұмтылудың керегі не? Сондықтан барлық ауылды жерлерді телекоммуникациялық қызметпен 100% қамту міндеті «Қазақтелеком» АҚ-ның ұзақ мерзімдік даму жоспарында тұр. Бұл тек қана CDMA/EV-DO радио технологиясымен ғана емес, басқа де технологияны пайдалау арқылы, айталық – спутниктік технологияны пайдалану арқылы іске асырылады.

 

 - Осы аумақты жобаны Қазақстанда іске асыру ауыл тұрғындарының басым бөлігіне заманаи телекоммуникациялық қызмет алуына мүмкіндік береді десе болады ғой?

 

 - Иә, шынымен де, жобаны іске асырған соң, ауыл тұрғындарының басым бөлігі осындай мүмкіндікке ие болады. «Қазақтелекомның» басқа операторлардың алдындағы артықшылығы - өзінің қызмет көрсететін географиясын кеңейтуінде. «Қазақтелеком» ауыл аумақтарына қатысты мемлекет қойған міндетті орындай алатын елдегі жалғыз оператор.

 

 - Қазақстанда LTE желісін салу жобасы қандай кезеңде тұр? Төртінші буын байланыс Астана мен Алматыда кең таралған ғой.

 

 - Биыл Қазақстанның 6 қаласында:  Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент пен Өскеменде коммерциялық желілерді іске қосу жоспарлануда. LTE желісінің Астана мен Алматыда кең таралуы оның техникалық сипаттамасына байланысты: интернетті пайдаланғандағы жылдамдығының жоғарылығы, қол жетімділігі, мобильділігі. 

 

- Қазір Қазақстанда LTEжелісінде қанша абонент тікелген? Олар қызметтің қандай түрімен жиі пайдаланады?

 

- Шамамен 80 мыңдай абонент LTE желісініңбелсенді пайдаланушылары. Ол негізінен интернетке қосылу.

 

- «Қазақтелеком» 4G/LTE және FTTHжелілерін тоғыстармақшы деген мәлімет бар. Бұл біріктіру неге байланысты туындады және ол пайдаланушыларға не береді?

 

 - Ең алдымен ол жобаның экономикасын жақсартып, қызмет шығынын төмендетеді, келешекте екі қызметті біріктіруге – мобильдік және тұрақты қызметті біріктіруге мүмкіндік береді. Және қызмет үшін бірыңғай шот болады да, ол клиенттерге ыңғайлы болады.

 

 - Бұл істердің барлығы «Қазақтелекомның» атқарып жатқан жоспарларының бір бөлігі ғана шығар. Компания қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарында не тындырмақшы? Негізгі басымдылық неде болады?

 

 - Орта мерзімдік келешекте ауылдық аумақтарда радиоқосылу желісін,  FTTHжобасын аяқтап, желіні жетілдіру фазасына өту, бүкіл Қазақстан бойынша цифрландыруды 100%-ға жеткізіп, телекоммуникация желісін жетілдіруді аяқтау жоспарлануда. Ұзақ мерзімдік келешекте LTE желісін өңірлерде салу, ұялы және тұрақты байланысты тоғыстыру, телекоммуникациялық қызметті ұйымдастыру шығындарын төмендету жоспарлануда.

 

 - Сұхбатыңызға рахмет.


adimage