«Қазақтелеком» АҚ IT бойынша бас директоры Марат Әбділдәбеков: Дата - орталықтарының құрылысы нарықтың «аспан - сервистеріне» деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған

 

Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ - Ақжол Садешов. «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылы елімізде  қазақстандық ғаламтор сегментінің өсуіне ықпал ететін « аспан технологияларды» дамыту үшін  дата - орталықтарының құрылыс жұмысын жеделдетуді жоспарлап отыр. Осы жобаларды дамыту бойынша компанияның жоспарлары жөнінде, сондай ақ, «аспан - сервистердің» даму перспективасы туралы  ҚазТАГ-қа «Қазақтелеком» АҚ IT бойынша бас директоры Марат Әбділдәбеков әңгімелеп берді.

 

-  Компания өткен жылдың соңында республикада дата - орталықтарының құрылыс жұмыстарын күшейту жөнінде өз ынталарын білдірген болатын. Бұл немен байланысты?

 

 - Негізінен бұның барлығы, нарықтың дата - орталықтарының қызметіне деген қажеттілігінің ұлғаюынан туындап отыр. Алматы және Астанада біздің  ресурстар сарқылған. Ең қажетті нарықтар осы екі қалада орналасқан. Сондықтан, біз қазір Алматы мен Астанада дата - орталықтарын салып жатырмыз. Бірақ, Павлодарда алдын ала салудамыз. Бір жағынан, бұл арзан энергетика, екінші жағынан, Кедендік одақ  құрылды, және дата-орталық Ресеймен  шекарада орналасқан. Ол ресейлік компаниялардың әсіресе, шекара бойындағы  компаниялардың сұранысына  да ие болуы мүмкін.

 

- Павлодардағы еліміздегі ең ірі  дата - орталығын тапсыру қай уақытқа жоспарланып отыр?

 

- Компания қазақстанда бүгінгі таңда 12 дата - орталығы бар деп есептеп отыр. 2012 жылдың қыркүйегінде класстың жалпы аумағы 1 мың шаршы метрге жететін  еліміздегі ең ірі дата - орталығын Павлодарда салуды жоспарлап отырмыз.  Біз тағы  хабарлағымыз  келіп отырғаны, аталмыш орталық Tier 3 стандарттары бойынша сертификатталады.  Бұл  барлық жүйелерді толық реттеуге мүмкіндік беретін жоғары сенімді  орталық болады. Барлық алдын алу және жөндеу жұмыстарын клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатпай жүргізе беруге болады. Жоба  дата - орталықтарын салу жөнінен әлемдік көшбасшы  саналатын Hewlett-Packard  компаниясымен бірігіп жүзеге асады.

 

-  «Қазақтелеком» ағымдағы жылы қанша дата - орталықтарын салуға ниетті? 

 

- Ақпан айында Астанада жалпы аумағы 450 шаршы метрді алатын дата - орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Сәуір айында Алматыда аумағы 400 шаршы метрге жететін дата - орталығын ашамыз. Осыдан басқа, 2012 жылы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде (ИТП) ірі орталық құрылысын бастаймыз. Оны 2013 жылдың I тоқсанында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.  

Бұл біртұтас кешен болады - ғимараты шамамен 2,5 мың шаршы метрді, ал дата -орталығы 500 шаршы метр құрайды. «Қазақтелеком» парк ішінде орналасқан компанияның барлық қажеттілігін өтеуге ниетті. Осыған қоса, ИТП - да орналасқан компания клиенттеріне «аспан - сервистерді» ұсынуды жоспарлап отырмыз.

Инновациялық технологиялар паркінде жобаның жүзеге асуы «аспан  технологиялар» облысындағы ұсынылатын қызметтің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Себебі, қазіргі кезде, «Алатау» ИТП жұмыс істейтіндер үшін көптеген жеңілдіктер бар.

Сондай ақ, Қазақ - Британ техникалық университеті мен ақпараттық технологиялар  институтын «Алатау»ИТП - қа көшіру үшін жоспарлар бойынша  өтініш жасалды. Онда IT- мамандықтары бойынша студенттерді оқыту көзделіп отыр. Осыған орай, паркта инновациялық контенттік платформа салу компанияның  жоспарында бар. «Қазақтелеком» контентті жетілдіре алатын және  олардың үлгісін  біздің « аспан - сервистерді» коммерциялық ортаға шапшаң енгізе алатындай етіп жасауға қауқары бар дарынды студенттерді тарта алар еді. Себебі, ел ішінде жетілдірілетін қазақстандық қызықты контент өте аз. Мен отандық IT - мамандарының өз қолдарымен жасалған контент туралы айтып отырмын. Қазіргі уақытта компания IT - кеңесшілерімен бірігіп жұмыс істеуде.

 

-  « Аспан технология»  облысында таяу арада қандай жаңа қызметтерді  іске қосу жоспарланып отыр?

 

- Қазіргі уақытта, мәліметтерді «Қазақтелеком» дата - орталықтарында сақтауға мүмкіндік беретін  «аспан мұрағаты» - «е - мұрағат»  іске қосылу сатысында. Сондай ақ, кіші және орта бизнес өкілдеріне көзделген « аспан бухгалтериясын» енгізу компаниямен талқылануда.

Егер үкімет қаулысы жақын арада қабылданатын болса, онда «Қазақтелеком» жазда электронды шот-фактураларды енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуға дайын. «Бұлтты шот - фактураларын»  біз ҚР қаржы министрлігі салық комитетімен бірігіп енгіземіз.  Сервис заңды тұлғалар үшін электронды шот - фактурларға ауысуға мүмкіндік береді, бұл бұрын қағазда жүргізілген ұқсас қызметке кететін компания шығындарын бірталай азайтады. Сонымен қатар, «аспан құжат айналымы» әзірлену үстінде. Мысалы, «Қазақтелеком» бұл сервисті өздеріне 1999 жылы енгізді. Бүгінде компания желісінде 15 мың адам жұмыс атқарады, олардың 12 мыңға жуығы электрондық құжат айналымында қызмет етеді. Енді бұл шешімді біз басқа да компанияларға ұсынуға ниеттіміз.

Жақын арада пайдаланушылар тек тұтынылған ресурстар үшін төлейтін Dynamic Cloud Server Service  іске қосуды жоспарлаудамыз. Абонент тек оның қосымшасы арқылы төлейді, яғни, сервер қанша ресурстарды жұмсаса, соның негізінде шот белгіленетін болады. Бұл тұтынылған су , электр энергиясы және т. б. үшін есептеуіш арқылы төленетін төлем сияқты, яғни факт бойынша.

Осыдан басқа, компанияда бүгінгі таңда 10 - ға жуық «аспан жобасы» бар, сол бойынша «Қазақтелеком»  оларды талқылау сатысында. Мен, ағымдағы жыл ішінде компания 7 - ге жуық «аспан сервисін» ұсынады деп ойлаймын. Егер  Microsoft - пен ортақ шешімдерді есепке алғанда, онда саны 10 - ға жетеді.

Атап айтқанда, таяу арада біздің idhost.kz ресурсының дизайны өзгереді.  Бұл, компанияның Microsoft - Exchange и SharePoint екі жаңа өнімдерін іске қосуымен байланысты. «Қазақтелеком» осы «аспан сервистерін» коммерциялық пайдалануға енгізетін  посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болғысы келеді. Компанияның жоспарларына сәйкес, ол ағымдағы жылдың ақпан - наурыз айларында іске қосылады деп күтілуде.

 

- Сіздердің негізгі абоненттеріңіздің қанша пайызы Қазнетті пайдаланады? Осы үлесті ұлғайту бойынша компанияның жоспарлары қандай?

 

- Біздің клиенттеріміздің ең үлкен сегменті Megaline Hit тарифтік жоспарында шоғырланған. Қазір біздің Megaline Hit тұтынушыларымыздың 65% Қазнет пайдаланады. Бұл көрсеткіш ешқашан да 100% көрсетпейді, дегенмен, оны 75%-80% - ға жеткізсек - біз үшін бұл үлкен жетістік болады. 

«Қазақтелеком» елдегі ішкі контент, трафикті өсіру үшін барлық жағдайларды жасауға  мүдделі. Біздің абоненттеріміздің 90% қазақстандық контентті емес, ресейлік трафикті пайдаланған кезең болды, себебі, бізде ол мүлдем болмады. Айтпақшы, дата - орталықтарының құрылысы мен «аспан сервистерін» беру Қазнеттің дамуына бағытталған. Компания осы бағыттарды дамыту үшін үлкен қаржы салуда, дата - орталықтарының өтелу мерзімі шамасымен 6 - 7 жылды құрайды, бұл өте ұзақ. Бірақ, бұл инвестициялар ақталған, себебі, қазақстандық ғаламтор сегментіне мүмкіндік береді.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage