«Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр МАХАНБЕТӘЖИЕВ: ID NET ЖӘНЕ MEGALINE ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЕЛДЕГІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМНЫҢ» БАРЛЫҚ WI-FI НҮКТЕЛЕРІНЕ ЛИМИТСІЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ – Осы жылдың 1 тамызынан бастап iD Net пен Megaline барлық абоненттері өздерінің iD Port жеке кабинеті арқылы Қазақстандағы «Қазақтелеком» компаниясының барлық Wi-Fi нүктелеріне лимитсіз қол жеткізе алады. Аталған қызметті қалай қосуға болатынын және оның басымдықтары жайлы ҚазТАГ агенттігіне сұхбатында «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиев айтып берді.

 - Батыр Әпенұлы, «Қазақтелеком» компаниясы 2014 жылдың наурызында мобильді құрылғы арқылы ғаламтор желісіне кіретін белсенді қолданушылар үшін қазақстандық нарыққа Wi-Fi инновациялық технологиялар базасында бір өнім шығарды. Интернетті белсенді пайдаланушыларда қосымша қандай мүмкіндіктер пайда болды? 

- Қолданушылар «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын Wi-Fi нүктелеріне ену жолымен жылдамдығы 8 Мбит/с лимитсіз ғаламторға қол жеткізе алады, бұл тек web-браузинг, әлеуметтік желілердегі әңгімелесу ғана емес, сонымен бірге музыка жүктеу мен видеоны онлайн қарау мүмкіндігін береді. Аталмыш қызметке қосылудың бір артықшылығы сіздің Kazakhtelecom Wi-Fi желісіне Wi-Fi бүркеу желісі бар орыннан кез-келген қалада кіре алатындығыңызда, яғни егер сіз қызметке бір қалада қосылған болсаңыз, онда сіз оны Қазақстанның өзге де қалаларында қолдана аласыз. Қосымша ретінде, бүгінгі таңда бізде ыңғайлы тарифтер жасап шығарылған: егер қолданушы тұтас бір айға төлегісі келмесе, 1 күнге немесе 1 аптаға қосыла алады. Сонымен қатар біздің Megaline және iD Net абоненттерін қуантуға асығып отырмын: 1 тамыздан бастап аталған қызметке қосылу бір айға бар болғаны 330 теңгені құрайтын болады. 

- Өтінемін, «Қазақтелекомның» Wi-Fi бүркеу желісі қандай екенін еске саласыз ба? 

- Бірінші кезеңде қызмет Қазақстанның 23 қаласында, соның ішінде 13 облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында іске қосылды.

- Өтініш, қызметке қосылу тұрғысынан компания абоненттері қандай басымдықтарға ие екенін айтып бересіз бе?

- Қызметті қосу үшін «Қазақтелеком» абоненттеріне қолындағы логин мен кілтсөзді пайдаланып, iD Port жеке кабинетіне еніп, Wi-Fi қызметін таңдау арқылы тапсырысты рәсімдеу қажет болады. Wi-Fi қызметіне арналған шот «Қазақтелеком» абонентінің түбіртегіне қосымша қызмет ретінде үстемеленетін болады. Қызмет «Қазақтелеком» абоненттері үшін де, басқа да интернет қолданушылары үшін де қол жетімді. Wi-Fi желісіне қосылу кезінде қолданушы автоматты түрде сатып алу мен авторизациялау порталына кіреді, онда ол несие картасының көмегімен таңдаған тарифтік жоспар бойынша қызметті сатып ала алады. Тереңірек нұсқаулық Wi-Fi порталында бар.

 - Батыр Әпенұлы, айтыңызшы, аталмыш өнімді негізінен кімдер қолданады? 

 - Әрине, ғаламтор желісінде нағыз unlim-ді бағалай алатын қолданушылар. Біздің абоненттер үшін ол айына 330 теңге болса, біздің тарифті басқа қолданушылар үшін, мысалы, 1 күнге 190 теңге, 1 аптаға 990 теңге. - Бұл ретте, бұған дейін «Қазақтелеком» компаниясы ұялы оператор абоненттерін сіздің Business to Service Provider деп аталатын Wi-Fi желіңізге қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасап жатыр деп мәлімдеп еді. Яғни ол мобильді байланыс желісінің жүктемесін төмендетіп, ақырғы тұтынушылар үшін ғаламтор желісінің қолжетімділік сапасын арттырады.

 Аталмыш мәселе бойынша жұмыстар қай деңгейде? 

 - Иә, біз 3G/LTE радиожелісінен Wi-Fi (Offload) радиожелісіне қосылу тәсілімен мобильді оператор абоненттеріне сервис ұсыну үшін Business to Service Provider шешімін қарастырдық. Аталмыш жобаны тәжірибелі түрде жүзеге асыру барысында бұл шешім «Алтел» АҚ қызметкерлерімен бірге тестілеуден өткізіліп, жұмыс оң нәтиже берді. Сәйкесінше, мобильді операторлар үшін Wi-Fi Offload қызметін ұсынудың келесі нұсқаларын жүзеге асыру мүмкіндігі туады: мобильді оператор абоненттері үшін VAS қызметі секілді Wi-Fi, оны абоненттер жеке кабинеттерінен белсенді режімге өткізе алады және т.б.; мобильді оператор абоненттері үшін «Unlimited» пакетіне кіретін бонус түріндегі Wi-Fi. Сонымен қатар, мобильді оператор үшін қосымша базалық станса мен көлік құралын орнату шығындарынан құтылу үшін 3G/LTE редиожелісінен Wi-Fi (Offload) радиожелісіне ауысу тәсілімен мобильді оператордың базалық стансасын жеңілдету мақсатында Wi-Fi қолжетімділік нүктелері мобильді оператор үшін жүктеме өте көп аймақтарға (абоненттердің көптеп жиналатын жерлеріне) орнатылады. Тағы бір айта кетерлігі, біз өзіне келушілердің адалдығын арттырғысы, Wi-Fi көмегімен өз ғимараттарына келушілер санын көбейткісі келетін бизнес иелерінің Wi-Fi шешімдерін енгізу жолындамыз. Аталмыш шешім біздің клиент үшін жекелей бөлінген web-интерфейсті білдіреді, яғни Wi-Fi қолжетімділігін сатып алудың, инженерлік құрамды жалдаудың қажеті жоқ, бар болғаны «Қазақтелекомнан» сервис сатып алу керек.

 - Сұхбатыңызға рақмет!

adimage