«Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиев: КОМПАНИЯДАҒЫ ТИІМДІ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЕЛДІҢ БИЗНЕС –КЛИМАТЫНЫҢ АРТУЫНА ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ

 

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Кубатбек Туратбеков. «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылы «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қорының еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингі деңгейі бойынша көшбасшы болып танылды. Корпоративтік басқару жүйесі қалай құрылған және компания үшін жақсы корпоративтік басқаруға ие болу қаншалықты маңызды екенін ҚазТАГ тілшісіне «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиев әңгімелеп берді.

 

- Батыр Әпенұлы, белгілі болғандай «Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингі деңгейі бойынша екінші жыл қатарынан көшбасшы болып танылды. Қалайша көшбасшылықты сақтап келесіздер?

 

- Біздің компанияның, оның ішінде корпоративтік басқарудың табысы мен көшбасшылығының басты тетігі акционерлер құрамы болып табылады. Бұл ретте «Қазақтелеком» АҚ-да қалыптасқан мемлекеттік және жеке капитал балансының рөлі зор. Бір жағынан бізде компания ішіндегі процестер мен процедураларды көбінің рәсімделуіне үлкен талаптар қоятын мемлекеттік акционеріміз бар, екінші жағынан жеке акционерлердің болуы корпоративтік билікті асыра пайдалануға және нарықтық емес шешімдерді қабылдауға мүмкіндік бермейді. Оған, сонымен қатар, қордың мақсатты түрде өзінің еншілес ұйымдарына корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгузі мен әдістемелік көмек көрсетуі де ықпалын тигізіп отыр. Бұл сұрақтың практикалық жағына назар аударатын болсақ, біз өзімізідң шараларды тәуелсіз кеңесшінің диагностика барысында әзірлеген ұсыныстары негізінде өткіземіз.

 

- Қандай критерийлер бойынша «Қазақтелеком» бұл жолы да көшбасшы деп танылды?

 

- «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқармасының диагностикасын «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларында корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесіне сәйкес «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС өткізді. «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылы коропоративтік басқарудың диагностикалық жүйесінен өткен Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингі деңгейі бойынша (80,2 %) көшбасшы болды. Аталмыш баға үш құрамдастың өзара әрекеті есебінен алынды - «Құрылым», «Үдерістер», «Айқындылық», олардың сандық маңызы есебімен: құрылым – 77,3%, үдерістер – 76,6%, айқындылық – 86,6%. «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқару тәжірибесіндегі жақсы сәттер арасында тұрақты түрде ішкі формада отырыстары өтетін директорлар кеңесі қызметінің тиімділігінің артқаны аталып өтті. Басты шешімдер қабылдаудағы директорлар кеңесі рөлінің артуы және басты шешімдерді талқылаудағы миноритарлық акционерлер өкілдері мен тәуелсіз директорларды белсенді тарту. Директорлар кеңесі жанындағы комитетте барлық мәселелерді нақты әрі алдын ала талқылау жүргізіледі. Сонымен қатар ішкі аудиттің орталықтандырылған қызметінің (ІАҚ) жоғары тиімділігі де айтылды. ІАҚ тәуелсіз директоры, аудит жөніндегі комитет төрағасына тікелей есеп береді және директорлар кеңесі үшін бірқатар басты мәселелер бойынша белсенді жұмыс жасайды. Сонымен қатар қауіп-қатерлерді басқару жүйесі жемісті енгізілген және компанияның басты бизнес-үдерістерінің барлығы толығымен интегралданған.

 

- Компанияның корпоративті басқару жүйесі неге негізделген?

 

- Корпоративті басқару негізінде директорлар кеңесі арқылы оның акционерлеріне, компанияны басқару сеніп тапсырылған тұлғаларға компания менеджментінің қатаң есеп берушілігі жатыр. Алдыңғы қатарлы корпоративтік басқарушылық менеджменттің шыншылдығы мен компания қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Біздің корпоративтік басқару әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, мөлдірлік, кәсібилік және құзырлылық негіздеріне құрылған. Корпоративті басқарудың тиімді құрылымы дегеніміз қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың мүдделері мен құқытарын құрметтеуді білдіреді және қоғамның табысты қызметіне, соның ішінде оның беделінің артуына, қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал етеді. Компанияда «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқару кодексі (КБК) бекітілген, оның мақсаты компанияны басқарудағы мөлдірлілікті қамтамасыз ету және корпоративті басқарудың қолданыстағы қағидаларымен жүруге компанияның дайын екендігін растау. Атап айтсақ, ҚБК сәйкес компанияны басқару компания құндылығын және акционерлер үшін басқа да табыстарды ұлғайту үшін жауапкершіліктің, есеп берушілік пен тиімділіктің тиісті деңгейінде жүзеге асырылады. Ал ақпаратты жария қылу, мөлдірлік, сондай-ақ қауіп –қатер мен ішкі бақылауды басқару жүйесіның тиімді жұмысы бекітілген тәртіпте қамтамасыз етілуі керек. Кодекс қағидаларына сүйену компания ішіндегі және нарықтың басқа да қатысушыларымен қарым-қатынастың жоғары іскери этикасын қамтамасыз етеді. Біз корпоративтік басқаруды «Қазақтелеком» АҚ қызметінің тиімділігін арттыратын, оның беделін нығайтатын және капиталды тарту кезінде шығындарды азайтатын құрал ретінде қараймыз. Көп айтуға болады- «Қазақтелеком» АҚ корпоративті басқарудың тиісті жүйесі Қазақстан Республикасы заңының үстемдігін қамтамасыз етуге қосылған өзіндік үлес.

 

- Компанияда корпоративтік басқару жүйесі қашаннан бері енгізілгенін еске сала аласыз ба? Сол жылдар арасында қандай жетістіктерге жеттіңіздер және компанияның өз жұмысы қаншалықты өзгерді?

 

- 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да корпоративті басқару қызметі құрылды, ол Қазақстанда дамып жатқан корпоративті іс-әрекет тәжірибесі мен халықаралық тәжірибеде мойындалған корпоративті басқару қағидаларын ескере отырып, қоғамда корпоративті басқаруды енгізу мен оны ары қарай жетілдру үшін құрылған «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратының дербес бөлімшесі болып табылады. Аталмыш қызмет «Қазақтелеком» АҚ акционерлеріне, компанияның директорлар кеңсіне қатысты қоғам мүддесін білдіреді. Ал нәтижелер туралы 2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығында әр түрлі тәуелсіз рейтингілік агенттіктермен жүргізілген дианостика барысында алынған қоғамның КБР диагностикасы бойынша білуге болады. Мысалы, 2009 жылы Standard&Poor's компаниясы GAMMA әдістемесі бойынша РКУ 5 балын растады (қалыпты деңгей). 2010 жылы осы компания S&P аталмыш рейтингті 5+ жоғарылатты. 2011 жылы «KPMG Tax&Advisory» ЖШС РКУ деңгейін 64,8% арттырды. Одан ары қарай «Самұрык-Қазына» АҚ 2012 жылы өз күштерімен қоғамның корпоративтік басқару диагностикасын өткізуді ұсынды. Соған байланысты «Қазақтелеком» АҚ-ның ішкі аудит қызметі ағымдағы жылдың қараша айында «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқаруының диагностикалық жүйесі» деген аудиторлық міндетті орындады. Көрсетілген тапсырма есебіне сәйкес оның қоғамды корпоративтік басқарудың үздік тәжірибе талаптарына сәйкестігі 70,4% құрады. Және, биыл, 2013 жылы «PricewaterhouseCoopers» ЖШС КБР 80,2% арттырды.

 

- Компания үшін жақсы корпоративтік басқаруды иелену халықаралық деңгейде қаншалықты маңызды, оның ішінде Қазақстанда?

 

- Кез-келген бизнестің табысты дамуы инвестициялық капиталсыз мүмкін емес. Және бұл жерде инвесторлардың басқару жүйесі мен қызметін бақылау тиімділігі жоқ компанияға қаржыларын салмайтынын түсіну маңызды. Корпоративті басқару жүйесінің компанияда болуы оған инвесторлардың қызығушылығын тудырады, ол мұндай компаниялардың бағалы қағаздарының әдеттегі нарық бағасына төлеуге дайын инвесторлардың сыйақыларынан байқалады. Сонымен қатар корпоративті басқару жүйесі салынған қаражаттың қолданылу тиімділігін арттырады. Инвесторлар компаниядағы жағдайлар туралы толық ақпарат алуға келгенде өте табанды. Инвесторларға түсінікті корпоративті басқару жүйесін құрғаны үшін компания акцияларына қомақты сыйақы төлеуге дайын. Жақсы корпоративтік басқару, әрине, менеджерлер тарапынан болатын қолайсыз әрекеттер мен айлакерліктерден қорғауға жүз пайыз кепілдік бермейді және компанияның әлемдік масштабтағы дағдарыс құрбаны болмайтынына кепіл бола алмайы. Алайда корпоративтік басқару менеджерлер мен директорлардың әрекеттерін үнемі және мақсатты түрде мониторинг жүргізілуіне, акционерлердің қарауына мүмкіндік беретін ортаны құрады, яғни үнемі бақылау болады. Корпоративтік басқарудағы  түзілген үдерістер кезінде лауазымды тұлғалардың қате шешімдері мен жосықсыз әрекеттері салдарынан компания үшін туындайтын қауіпті жағдайды күтпей-ақ тез арада жауапты реакция жасалады. Корпоративті басқарудың тиімді жүйесінің болуы компанияның бәсекеге қабілеттілігінің өсуі мен елдің бизнес-климаты инвестициясының ары қарай артуына ықпалын тигізеді.

 

- Ал егер нақтыласақ, корпоративтік басқару «Қазақтелекомға» қандай пайда әкелді?

 

- Ең алдымен корпоратвитік басқару біздің өзімізге тиімді екенін мойындауымыз керек. Алдыңғы қатарлы тәжірибеге сай келуге деген ұмтылыстан директорлар кеңесінің құрамы тәуелсіз директорлар санын арттыру есебінен (9 директордың 4-еуі тәуелсіз) күшейтілді. Бұл, ең алдымен, тәуелсіз директорлар қабылданатын шешімге азаматтық-құқықтық жауапкершілік алатын субъектілер бола отырып, компанияның корпоративтік мүддесін қорғайды деген сөз. Тәуекелді басқару үдерісі жоғарғы деңгейде реттелген, оның көмегімен шығынды азайтып, пайда көру үшін әр қызмет түрінің тәуекелдері жүйелі түрде талданады. Тәуекелді басқару жүйесінің құрылымына қарасақ, оған компанияның тәуекелді басқару үдерісіне барлық ұйымдастырушылық деңгейі тартылғанын көруге болады: директорлар кеңесінен бастап әр қызметкерден тұратын құрылымдық бөлімшелерге дейін жұмылдырылған. Корпоративтік басқару саясаты мен процедураларына, сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігіне деген талап ескерілген. «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы аудиті - атағы салмақты халықаралық аудиттік компания болып табылады. Компанияның ішкі аудитінің тиімділігі жоғары орталықтандырылған қызметі барлық бизнес-процесстерге тұрақты ішкі бақылау жасап отырады. Компания көпшілікке алдыңғы қатарлы тәжірибеде қарастырылған өзінің қызметіне қатысты айтарлықтай ақпаратты жария ете отырып, оның ішінде тәуелсіз директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне деген сыйақылық саясатты ашып көрсетеді. Ол өз кезегінде әлеуетті инвесторлармен компанияның ашық диалог жүргізуге деген ұмтылысын дәлелдеп және олардың қызығушылығын ынталандырады.

 

- Батыр Әпенұлы «Қазақтелекомның» корпоративтік басқару жүйесі әлі жетілер деп сенеміз. Осыған қатысты бізді белді байланыс операторларының алдында тұрған КБР саласындағы міндеттер қызықтырады. Осы жайлы айтап берсеңіз.

 

- Корпоративтік басқару жүйесін одан ары жетілдіру және КБР деңгейін 2022 жылы 85%-ға жеткізуге ұмтылу үшін (компания стратегиясына сай) біз тәуелсіз PwC консультанттарының ұсынысы негізінде 2014 жылға шаралар жоспарын бекіттік. Корпоративтік басқару жүйесін одан ары жетілдірудегі негізгі ұсыныстар: директорлар кеңесінде тәуелсіздік теңгерілімін сақтау үшін сабақтастық тәжірибесін енгізу, алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы тұру саясатын енгізу, директорлар кеңесінің жұмысын бағалау процедурасы мен саясатын жасау, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және орнықты даму саласындағы жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің мақсаттық мәндерін бекіту.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage