«Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр МАХАНБЕТӘЖИЕВ: ТЕЛЕФОН ҮШІН АБОНЕНТТІК ТӨЛЕМНІҢ ӨСУІ ТАРИФТЕРДІ РЕБАЛАНСТАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ –  «Қазақтелеком» АҚ 1 мамырдан бастап халыққа арналған тіркелген телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлемді 20%-ға өсірді. Бұнымен қатар заңды тұлғалар, яғни компаниялар үшін тарифтер бұрынғы деңгейде қалды. Бағаның бұл өсімі немен байланысты және неліктен тек халық үшін баға көтерілетіндігі жөнінде ҚазТАГ тілшісіне «Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиев әңгімелеп берді.

 

- 1 мамырдан бастап телефон үшін абоненттік төлемнің 20%-ға өсуі немен байланысты?

 

- Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне жаңа тарифтер телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтерін ребаланстау кезекті кезеңін өткізу аясында енгізілді. Бұл, өз кезегінде байланыс саласын ырықтандырудың ажырамас бөлігі саналады және ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған.

Жалпы айтқанда, жергілікті телефон байланысының қызметін «Қазақтелеком» АҚ шын мәнісінде, өзіндік құнынан төмен тарифтер бойынша ұсынады, сондай-ақ, Қазақстандағы жергілікті байланыс қызметі үшін ай сайынғы абоненттік төлемнің көлемі дүние жүзіндегі ең төменгілердің бірі саналады. Салыстыратын болсақ: АҚШ-та және Австралияда ай сайынғы абоненттік төлем біздің валютаға айналдырғанда Т3,5 мың, ал Ұлыбританияда - Т2,5 мың, Ресейде - Т1 896 құрайды. Жоғарыда аталған елдердің қала және ауылдық елді-мекендердің тұрғындары бір тариф бойынша төлейді. Мәселен, бүгін Ресейде ауыл тұрғындары үшін тарифтер қазақстандық тарифтерден  3,5 еседей жоғары, ал қала тұрғындары үшін екі есе жоғары.

Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысына қатысты жергілікті телефон байланысы қызметінің бағасы да дүние жүзіндегі ең төменгі болып саналады - 0,38%.  

Бұл жағдай нарықтағы жергілікті телефон байланысының бәсекелестігін әсіресе ауылдық жерлерде дамытуға ықпал етпейді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі көрсетілетін қызмет сапасына әсер ететін телефон байланыс жүйелерінің бұзылуына және біртіндеп нашарлауына әкелуі мүмкін. 

Егер жетекші оператор тарифтері өзгеріссіз қалса, онда нарықтағы басым түскен компанияларға өзіндік құнынан төмен тариф белгілеуге тыйым салатын бәсекелестікті қорғау туралы заңы бұзылады. Осыған орай,  әмбебап қызметтерге, яғни олардың деңгейін  өзіндік құнының деңгейіне жеткізу бойынша мемлекетпен тарифтерді ребаланстау бойынша шаралар қабылдануда. Айта кеткен жөн, мемлекет тарапынан ҚР «Байланыс туралы» Заңының 36 бабының, 7 тармағына сәйкес, абоненттік төлем ұлғайған жағдайда әлеуметтік қорғалатын топқа жататын халыққа өтемақы төлеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

- Неліктен абоненттік төлемнің өсуі заңды тұлғаларға әсер еткен жоқ?

 

- Қазақстанда және посткеңестік кеңістіктің басқа елдерінде тарихи жағынан алып қарағанда тұтынушылардың санаттары бойынша негізгі қызметтерге тарифтердің  дифференциациясы қарастырылған: халық үшін төменгі және ұйымдар үшін жоғары тарифтер. Осындай жағдай нарықта тек бір байланыс операторы және бұрынғыдан  қымбаттырақ қызметтер (халықаралық телефон байланысы қызметі) әлеуметтік маңызды қызметтерді (жергілікті телефон байланысы қызметі) субсидиялаған жағдайда  болуы мүмкін. Ал телекоммуникация қызметі нарығын ырықтандыру және бәсекелестіктің күшейген жағдайында, мемлекетпен тұтынушылар санаттары арасындағы тарифтерді ақырындап теңестіру бойынша шаралар қабылданады.

 

- Абоненттік төлемнің өсуі абоненттердің тіркелген телефондардан бас тартып, толық ұялы байланысқа көшіулеріне әкелмей ме? Себебі ұялы байланыс тарифтері одан әрі арзандауда?

 

- Бүгінгі таңда телекоммуникацияның дүние жүзі нарығы үрдістері тіркелген байланыс қызметтерін мобильді қызметпен ақырындап ауыстыру, яғни, «мобильдік ауыстыру нәтижесін» көрсетеді. Аталмыш үрдіс біздің де телекоммуникациялық нарықта байқалады және әмбебап қызметтер тарифтеріне ребаланстау жүргізу фактісіне қатыссыз алдағы үш жылда мобильді ауыстыру бойыша жағдай тереңдетіледі.

Трафиктердің тіркелген желілерінен мобильді желілерге ауысу үрдісі дәлелді екендігіне келісемін. Дегенмен, бұнымен қатар, ҚР барлық елді-мекендерінде және қала мен ауылдарда осы қызметті (бәрімізге белгілі, компаниямен 20 мың және одан көп тұрғындары бар, келешегі зор елді-мекендердің барлығы телефондандырылған) «Қазақтелеком» АҚ ғана көрсететінін түсіну керек. Аталмыш қызметтерді көрсету барысында компания  жергілікті телекоммуникация желісін қамтамасыз ету үшін үлкен  мөлшердегі эксплуатациялық шығындарға ұшырайды. Бұнымен қоса, бір аудан ішіндегі сөйлесу жергілікті болып саналатыны бәрімізге белгілі, ал «Қазақтелеком» 300 шақырымға дейінгі ауылдық аудандардың аумағы шеңберінде белгіленген абоненттік төлеммен жергілікті телефон байланысын қамтамасыз етеді.

Айта кеткен жөн, жергілікті телефон байланысы қызметін ұсыну «Қазақтелеком» АҚ үшін шығыны көп болды және болады да. Атап айтсақ, жеке тұлғалар үшін ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жергілікті телефон байланысы қызметі тарифтерінің өсуін есепке алғанның өзінде, «Қазақтелеком» АҚ-тың жергілікті телефон байланысы қызметінің эксплуатациялық шығыны қалалық жерде тек 44%-ға және ауылдық жерде тек 29%-ға өтеледі.

 

- «Қазақтелеком» АҚ абоненттік төлемді өсіру есебінен ай сайын қандай табыс мөлшерін алуды жоспарлап отыр?

 

- Жергілікті телефон байланысының қызметі үшін абоненттік төлем телекоммуникацияның жергілікті желісін қамтамасыз етуге кететін эксплуатациялық шығындардың тек бір бөлігін құрайды. Сондықтан, қосымша табыс туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

 

- Телефон үшін абоненттік төлем соңғы рет қашан көтерілді?

 

- ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 463 бұйрығына сәйкес, әмбебап қызметтер тарифтеріне ребаланстау жүргізу аясында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар үшін ай сайынғы абоненттік төлем қала үшін - 18%, ауыл үшін - 30%-ға  ұлғайтылды.

Сондай-ақ, қала және ауылды жерлердегі жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы абоненттік төлем 10%-ға өсті.

Бұнымен қоса, жоғарыда айтылғандармен қатар, 2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне деген қызығушылықты арттыру және тарифтерді төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырғанын да еске салған жөн. Бұл ретте біз тек қолданыстағы тарифтердің сипаттамаларын жетілдіріп қана қоймай, жаңа түрлерін де енгіздік. 

 

- Телефон үшін абоненттік төлемнің кезекті өсімі қашан болады және ол қаншалықты қымбаттайды?

 

- ҚР «Байланыс туралы» Заңының 32 бабына сәйкес тарифтерді ребаланстау жоспары және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтері құзырлы органдармен бекітіледі. Ағымдағы жылы құзырлы органның ребаланстау жоспарында жергілікті телефон байланысы қызметінің тарифтерін өсірумен ребаланстаудың кезекті кезеңін өткізу қарастырылмаған.

 

- Депутат Мұхтар Тінікеевтің компанияның топ-менеджерлерінің жалақысына қатысты сауалына қандай түсініктеме бересіз?

 

- ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы байланыс саласындағы орташа жалақы мөлшері Т128,1 мың құрады. «Қазақтелеком» АҚ-да аудиттелген есепке сәйкес, орташа жалақы Т118,9 мыңды құрады.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

 


adimage