«Қазақтелеком» акциялары қаңтарда төмендеп, өзімен бірге KASE индексін де арзандатты

Күні: 16:04, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. «Қазақтелеком» акциялары қаңтарда төрттен бірге төмендеп, Қзақастан қор биржасының (KASE) арзандауына да әсер етті, деп хабарлады KASE басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.
«Өсімде KAZ Minerals PLC көш бастап тұр, оның бағасы 14,6% өсіп, акциясына Т2899,5 жеткен. (…) Акциялары төмендегендер ішінде «Қазақтелеком» АҚ көш бастап тұр, ол өз бағасының төрттен бірін жоғалтып, қаңтардағы KASE индексі төмендеуінің негізгі себебіне айналды», - деді А. Цалюк сәрсенбідегі брифингте.
Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 2019 жылдың қаңтарында 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,4% немесе Т0,99 .трлн. өсіп Т10,5 трлн. дейін жетті. Бұл ретте акциялармен сауда көлемі 17% немесе Т1,6 млрд өсіп, Т11,4 млрд. дейін жетті.
Бұл ретте А. Цалюк атап өткендей, KASE акциясы нарығын капиталдандыру 0,4% немесе Т64 млрд. өсіп, Т15,6 трлн. дейін жетті.


Жаңалықтармен бөлісу: