«Қазақтелеком» басқармасының құрамы өзгерді

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ компания басқармасы  құрамының өзгергені туралы шешім қабылдады, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Басқарма құрамына Игорь Погребицкий енгізілді – бөлшек сауда сегменті жөніндегі бас директор, бөлшек сауда бизнесі бойынша дивизионның бас директоры», - делінген хабарда.
Қазіргі таңда «Қазақтелеком» басқармасы жеті адамнан тұрады: төрағасы Қуанышбек Есекеев, ақпараттық технология жөніндегі бас директор Марат Әбділдабеков, бас коммерциялық директор Рафаель Абыханов, бас техникалық директор Александр Лезговко, стратегиялық басқару жөніндегі бас директор Батыр Маханбетажиев, бас қаржы директоры Асхат Өзбеков, сондай-ақ Игорь Погребицкий.

adimage