«Қазақтелеком» «Кселл»-дің дауыс беретін акцияларының 75% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады

Күні: 17:47, 24-12-2018.

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ «Кселл» АҚ-ның дауыс беретін акцияларының 75% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы сайтынан (KASE).
«21 желтоқсанда «Кселл» АҚ дауыс беретін акцияларының 75% сатып алу бойынша мәміле аяқталып жатыр. Мәмілені қоғам директорларының кеңесі мақұлдады. Тиісті келісімге тараптар ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында қол қойды», - делінген дүйсенбіде «Қазақтелеком» ұсынған құжатта.
Еске салсақ, мәміле талабы бойынша, «Қазақтелеком» «Кселл»-дің TeliaSonera Kazakhstan Holding B.V.-дегі 24% және Fintur Holdings BV-дегі 51% акциясын сатып алды.


Жаңалықтармен бөлісу: