«Қазақтелеком» SAP серіктестік сараптама орталығы мәртебесін алды

Күні: 18:12, 20-10-2014.

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – «Қазақтелеком» АҚ  SAP   Partner Center of Expertise» серіктестік сараптама орталығы мәртебесін алды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.  

«Қазақтелеком» АҚ табысты сертификациялаудан өтті және SAP Business All-in-One және SAP Business Objects бағыттары бойынша «SAP - Partner Center of Expertise» серіктестік сараптама орталығы мәртебесін алды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, «SAP Partner Center of Expertise» - бұл ерекше мәртебе, оны SAP техникалық және ұйымдастырушылық стандарттарына сәйкес келетін, қажетті техникалық инфрақұрылымы және жоғары сапалы қызметтер көрсететін қызметкерлері бар және SAP аудиті үдерісінен табысты өткен серіктестеріне береді.

Осылайша, серіктестік сараптама орталығы мәртебесі SAP клиенттік жүйесі бойынша оқыс оқиғалар және сұрауларды өңдеу үшін жүйенің бар болуына, ақаулықтарды шұғыл түрде жою және статистиканы жинау, SAP өнімдерінің өзекті нұсқаларымен меншікті тестілік жүйелердің, сондай-ақ 24/7 режімінде Call-орталықтың бар болуына кепілдік береді.

«Қазақтелеком» АҚ АT жөніндегі бас директоры Марат Әбділдәбековтың айтуынша, «компания одан әрі өзара әрекеттесу саласын кеңейтуді және болашақта SAP инновациялық бағыттарын белсенді дамытуды жоспарлап отыр».

SAP Business All-in-One шешімі — бұл шешімдер пакеті, оның негізіне ол қаржылық және басқарушылық есеп, сатып алуларды жабдықтау және өңдеу, қорларды басқару, өндірісті жоспарлау және орындау, өткізу және таратуды, құжатайналым және есептілікті басқару үшін алты базалық блоктан тұратын ERP-жүйесі жатады.

SAP ERP – әртүрлі салалардан компанияның бизнес-үдерістерін басқару үшін және кәсіпорынның тұрақты өсуін қолдайтын әлемдік класстық жүйе.

SAP BuisnessObjects шешімі - нақты уақыт тәртібінде корпоративтік ақпаратқа мониторинг жүргізу және талдаудың қазіргі заманғы жүйесі. Ұйымның әртүрлі жүйелерінен немесе деректер базасының форматын талдау үшін қолайлы ақпаратқа қатынауды ұсыну үшін арналған.

«Қазақтелеком» АҚ 2010 жылдан бастап әртүрлі деңгейде кәсіпорындарда бизнесті автоматтандыру үшін шешімдерді жеткізуші SAP корпорациясының ресми түрде серіктесі болып табылады. Табысты ынтымақтасу жылдарында «Қазақтелеком» SAP шешімдерін енгізу саласында едәуір құзыретке ие болды және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ табысты түрде бірқатар жобаларды жүзеге асырды.


Жаңалықтармен бөлісу: