«Қазақтелекомның» стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр МАХАНБЕТӘЖИЕВ: ТЕЛЕДИДАР ИНТЕРНЕТКЕ ШЫҒА ОТЫРЫП, БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДА ҚОЛ ЖЕТІМДІ

- Батыр Әпенұлы, ОТТ технологияның ерекшелігі неде екенін түсіндіріңізші?

- Стандартты теледидарға қарағанда бұл абоненттік приставка мен теледидарға байланып қалмаған. Барлық контент (телеарна мен бейне) мобильдік құрылым мен компьютерге жеткізіледі. ОТТ технологияның өзі бейнесигналды ашық интернет желісі арқылы жеткізуді қарастырады.

- iD TV Online қызметін енгізудің классикалық iD TV-дан артықшылығы неде?

- Абонент үшін ол ыңғайлы, енді ол теледидарын тек үйде отырып қана емес, интернетке қосылатын кез келген жерде көре алады. Ал «Қазақтелеком» АҚ үшін негізгі артықшылығы, енді iD TV қызметі қолданыстағы технологиялардан тыс көрсетіле беруінде.

- Пайдаланушылар үшін бейнеконтент пен теледидар арналарын көргенде жайлылық маңызды. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін қандай тетіктер қолданылады?

- Бірінші кезекте біз технологияны интернетке шығатындай барлық құрылғыларға қол жетімді етеміз, алғашқы кезеңінде ол мобильдік құрылғылар үшін iOS/Android базасында мобилдік қосымшалар мен Windows/MacOS операциялық жүйелерінің браузерлері, кейін SMART-TV қосымшалары т.б. жасалатын болады.

- Бейне көрсетілімдердің ағымы көп болса, ол әдетте биферленуге тоқтап қалып жатады және сапасы төмен болады, ол пайдаланушылардың сапаға қатысты әсеріне кері ықпал етеді. iD TV Online қызметі алда қандай проблемаларға ұрынуы мүмкін және оны шешудің жолдары қандай?

- Қызмет сапасына қатысты әсерді төмендететін ең басты проблема бейнекөріністердің «тежеліп қалуы». Бұл проблеманы шешу үшін ОТТ платформа стандартты IPTV қызметіне қарағанда бейнеағымды интернетке қосылу деңгейіне қарай әр түрлі сапамен «көрсете» алады (битрейт). Интернет жақсы болса, абонентте сапасы жақсы болады, интернет деңгейі төмен болса, бейне сапасы да төмен болады, бірақ ол бейне «тежелмейтін» болады.

- Сіздер операторлармен өзара тиімді сұлбалар дайындау туралы келіссөздер жүргізіп жатырсыздар ма?

- Қазірге OTT технологиясының базасындағы іD TV Online қызметі нарыққа iD TV қызметіне қосымша сервис ретінде еніп жатыр, демек ол тек «Қазақтелеком» АҚ желісінің ішінде ғана қолжетімді. Қазір іD TV Online қызметін көрсету үлгісін барлық провайдерлердің желілерінде қолжетімді болатындай жеке қызмет түрі ретінде көрсету үлгісі дайындалуда. Одан кейін басқа операторлар желісіне кіргізу мерзімдері туралы шешім қабылданып, сәйкесінше, келіссөздер жүргізіледі.

- Операторлар мен ОТТ-провайдерлер арасындағы қарым-қатынас қалай құрылып жатыр?

- ОТТ барлық жобаларын екі үлкен санатқа бөлуге болады. «Провайдерге тәуелділер» («Провайдеро-зависимые») - бұл провайдерлердің ОТТ жобалары және оларға көбіне провайдер желісінде ғана кіре аласыз. Аталмыш жағдайда қарым-қатынасқа қатысты барлығы түсінікті.

Екінші санат - «Провайдерге тәуелсіздер» («Провайдеро-независимые») - бұл провайдерге тәуелді емес және барлығы үшін қол жетімді ОТТ-жобалар. Аталмыш жобалар өзінің контентіне баса назар аударады және әлеуетті қарым-қатынасы интернет және ұялы байланыс операторларымен бірге пакеттелген қызметті құру түрінде көрініс табуы мүмкін.

- Нарықта бизнесті ұйымдастырудың түрлі жолдары бар. Біреулер бейнеконтентін тегін ұсынады, бұл ретте жарнаманы орналастыруға баса назар аударады. Енді біреулері жазылымды сатудан пайда табады. Сіздің табысыңыздың құрылымы қандай?

- Алғашқыда біздің ОТТ жобалар табысының құрылымы абоненттік жазылымнан құралады. Жарнамадан жақсы табыс алу үшін сәйкесінше жақсы абоненттік базаң болу керек.

- iD TV Online тарифі және төлем жасау тәсілдері туралы толығырақ айтып берсеңіз

- iD TV Online тарифінің негізіне біз iD TV қосымша нүктесінің тарифін алдық, яғни айына 600 теңге. Төлем жасау әдісі - http://cabinet.idport.kz абоненттің жеке кабинеті және «Қазақтелеком» АҚ қызметін төлеудің басқа да дәстүрлі әдістері.

- Ақылы телевидение саласында батыс нарығының барынша дамығаны белгілі. Жетекші талдамалы компанияларының дерегінше, 2012 жылы ОТТ әлемдік нарығы $11 млрд. астам құрады. Қазақстанда ОТТ-ны ары қарай дамытуды сіз қалай елестетесіз?

- Қазақстандағы онлайн-теледидар нарығы қазіргі таңда шетелдік, ресейлік онлайн-кинотеатрларынан тұрады. Қазақстанда ОТТ нарығының дамуы әлбетте ҚР операторларында осыған ұқсас жобалардың пайда болуына алып келеді. Бұл өз кезегінде өзіміздің контент - қазақстандық кино мен сериалдардың қарқынды дамуы мен танымал болуына жол ашады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage