«Қазаэронавигация» спутниктік жүйелерден ақпаратты беру жөніндегі қызметтерге Т1,1 млрд астам жұмсамақ

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны спутниктік жүйелерден ақпаратты беру жөніндегі қызметтерге Т1,1 млрд астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазаэронавигация» РМК; атауы - көлікте ақпараттық ресурстармен қолжетімділікті ұйымдастыру жөніндегі қызмет; қосымша сипаттамасы - спутниктік жүйелерден ADS - B форматындағы ақпаратты беру жөніндегі қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 156 975 000», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 қыркүйекте басталып, 7 қазанда аяқталады.

«Жүйе спутниктік тобы алған ADS-B форматындағы хабарламаларды ADS‐B жауапкерлерімен жабдықталған және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі шегінде жер бетінен әуе кемесінің FL660 ұшуына дейінгі барлық әуе кемелері үшін алу, демодуляциялау және беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Жүйенің жердегі сегментіне модульді басқару орталығы (Hosted Payload Operations Center, HPOC), өңдеу және тарату орталығы (Processing and Distribution, APD) және қызметті жеткізу орны (SDP) кіреді», - деп сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage