«ҚазАгро» 179,6 млн еуро көлемінде еурооблигациялар бойынша қарыз қалдығын уақытылы өтеді

Күні: 12:58, 28-05-2019.

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - «ҚазАгро» холдингі» 179,6 млн еуро көлемінде еурооблигациялар бойынша қарыз қалдығын уақытылы өтеді, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметінен.
«ҚазАгро» холдингі» 179,6 млн еуро көлемінде еурооблигациялар бойынша қарыз қалдығын уақытылы өтеді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, нәтижесінде Холдинг қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, ықтимал валюталық тәуекелдерден құтылды.
«Валюталық тәуекелдерге бейімділікті болдырмау «ҚазАгро» холдингінің қаржылық тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Холдинг, аграрлық сектордағы мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы ретінде өзі қаржылық орнықты болуы тиіс. Бұл факторды түсінбей, мемлекет алға қойған міндеттерді табысты іске асыру мүмкін емес», - деді «ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Ербол Қарашөкеев.
Хабарда атап өтілгендей, қарыздарды уақытылы өтеу Холдингтің рейтингіне оң әсер етеді..
«Қазіргі уақытта ҚазАгро ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Fitch Ratings шкаласы бойынша «Позитивті» болжамымен «BBB» бағасымен және Moody's Investors Service шкаласы бойынша «Тұрақты» болжамымен «Ba1» бағасымен ұсынылған», - деді холдингтің баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: