«ҚазАгроҚаржы» облигациялары Т12 млрд сомаға қайталама нарыққа шығарылды

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – «ҚазАгроқаржы» АҚ облигациялары  Т12 млрд сомаға қайталама нарыққа шығарылды, деп хабарлады қазақстандық қор биржасы сайтынан (KASE).  
«2018 жылдың 12 қарашасынан бастап Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының
шешімімен 2018 жылдың 17 қазаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "КазАгроқаржы" АҚ (Астана) KZP01Y05F316 (KZ2C00003747, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb7; 1 000 теңге, 12,0 млрд теңге; 08.11.18 – 08.11.23; жылдық 12,00 % ; 30/360) облигацияларының сауда-саттықтары ашылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш облигацияларының KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу дәлдігі облигацияның теңгемен  көрсетілген "таза емес" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген.
«Белгіленген валюта – қазақстандық теңге», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, Fitch Ratings хаықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазАгроқаржы» АҚ-ға шетелдік валютадағы (IDR) эмитент дефолтының қысқа мерзімді (LCR)  «B» рейтингін берген еді. Fitch сондай-ақ, компанияның жоспарланған қысқа мерзімді қамтамасыз етілмеген облигациялар шығарылымына «B (EXP)» рейтингін тағайындады.


adimage