«ҚазАгро» холдингі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады ұлттық ходингтің баспасөз қызметінен.
«ҚазАгро» холдингінің Жалғыз акционерінің шешімімен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі - Омаров Сапархан Кесікбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі - Дәленов Руслан Ерболатұлы, Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі - Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы - Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда. 
«РАКУРС»» экономикалық талдау орталығының директоры - Жандосов Ораз Әлиұлы, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Егімбаева Жанна Дачерқызы, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры - Есенеев Ербол Еркенұлы, Еуразиялық Даму Банкі Басқармасының мүшесі - Қаржы жөніндегі басқарушы директор – Мұхамбетжанов Берік Көпжасарұлы «ҚазАгро» холдингі Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары болып сайланды.
«Осы бұйрықпен Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің, Әлихан Асханұлы Смайыловтың, Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің, Рүстем Жомартұлы Құрмановтың «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», - деді баспасөз қызметінен.
«ҚазАгро» құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін басқару арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдинг құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы», «ҚазАгроПродукт» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» ЖШС.

adimage