«ҚазАгроның» таза шығыны 9 айда 6,5 есе өсті

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ таза шығыны қаңтар-қыркүйекте Т3,249 млрд құрады, бұл 2013 жылдың дәл осы кезеңінен 6,5 есе көп, деп көрсетілген компанияның аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есебінде.
Құжатқа сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі табыс Т48,975 млрд (+12%) құрады.
Жиынтық активтер жыл басынан бері 1,4 есе өсіп, Т1,013 трлн жетті, жеке капитал 5,5%-ға артып, Т332,541 млрд ұлғайды.
«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ өз құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді қамтамасыз ету жолымен Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.

adimage