Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. «Қазатомөндіріс» Ұлттық атом компаниясының» (ҰАК) АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Джон Дудас Лондон қор биржасында (LSE) ұлттық компанияның 3000 жаһандық депозитарлық қолхатын сатып алды, деп хабарланған Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында.
Бұған дейін Дудас «Қазатомөндірістің» 2000 GDR сатып алған еді, деп атап өтті ҰАК баспасөз қызметі «ҚазТАГ» ХАА сауалына берген жауабында.
«Сәйкесінше, қолда бар 2000 GDR үстіне тағы да 3000 GDR сатып алу арқылы Дж. Дудас қазіргі таңда жалпы 5000 дана GDR иелік етеді, бұл жалпы шығарылған акциялардың 0,0019278475% құрайды», - делінген жауапта.
Жауапқа сәйкес, 2000 GDR-ды Дудас 2019 жылдың 15 наурызында LSE-де сатып алған. Ол туралы хабар LSE сайты мен МФЦА (AIX) халықаралық биржасында орналасқан
Еске салсақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2019 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ 9 863 021 GDR-ын LSE және AIX биржаларында $13,17 / 1GDR бағасымен сатқан.
«Қазатомөндіріс» шығарған акцияларының жалпы саны 259 356 608 дананы құрайды.
Джон Дудас Ұлыбритания азаматы. «Қазатомөндіріс» директорлар кеңесін ол 2018 жылдың тамызынан бастап басқаруда, ал жалпы кеңес құрамында 2015 жылдан бері бар.
Қатысты сілтемелер
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26