«Қазатомөнеркәсіп» қор биржасында Т70 млрд сомаға облигация орналастырды

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Кемар Машанло. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) жалпы сомасы Т70 млрд болатын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында 70 млн облигация орналастырды, делінген компания сайтындағы хабарда.
«Казатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп») 2019 жылғы 27 қыркүйекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигациялар (ISIN KZ2C00006153) шығарылымын орналастырғаны туралы хабарлады. Қазатомөнеркәсіп облигацияларының шығарылымын орналастыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың мемлекеттік емес облигацияларын шығару проспектісінде сипатталған мынадай негізгі шарттарда жүргізілді: облигациялар түрі: қамтамасыз етілмеген купондық индекстелген облигациялар, облигациялар саны: 70 000 000 (жетпіс миллион) дана, бір облигацияның номиналды құны және номиналды құн валютасы: 1 000 (бір мың) теңге, облигациялар шығарылымының номиналды көлемі: 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге, Облигациялардың айналымдағы мерзімі: 61 ай (2024 жылдың 27 қазанына дейін)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін айтылғандай, облигациялардың (ISIN KZ2C00006153) осы шығарылымын орналастырудың мақсаты 2018 жылдың қазан айында орналастырылған Қазатомөнеркәсіп облигацияларын (НИН KZ2C0M13F960) қайта қаржыландыру болып саналады, оның мерзімінен бұрын өтелуі де, 2019 жылдың 27 қыркүйегінде жасалды. Сатып алынған облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамасында белгіленген тәртіпте өз күшін жояды.

adimage