«Қазгеология» жаңа басшысы тағайындалды

Астана. 2 маусым. ҚазТАГ - «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) баспасөз қызметінен.
«2 маусымда Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін 2019 жылдың ақпанынан бастап Алмаз Әбдіғалымов компанияның төрағасы болған.
Еске салсақ, Анвар Боранбаев 2009 - 2010 жылдар аралығында «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ геология және тау-кен технологиялары жөніндегі басқарушы директоры, 2016 - 2017 жылдар аралығында «Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығы» АҚ Басқарма төрағасы», 2017 – 2018 жылдары «Қазгеология» ҰК АҚ Сейсмология институтының директоры болған.

adimage