Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК топ-менеджерлері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды», - деп хабарлады сәрсенбіде ҰҚК-нен.
Қазіргі кезде, ақпарға сәйкес, жедел тергеу шаралары жүргізілуде.
«Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды",- делінген хабарда.
«Қазгидромет» РМК топ-менеджерлері пара алды деген күдікпен ұсталды
