«Қазгидрометте» басшыларының ұсталуына түсінік берді

Күні: 19:22, 23-01-2019.

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК ҚР ҚК 366 б 4 б (пара алу) қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен «Қазгидромет» РМК басшыларының ұсталуына түсінік берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесіне сәйкес күдіктілер ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И.Андрианов пен «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды. «Қазгидромет» РМК жүргізіліп жатқан тексеру шарларына қолдау көрсетеді, барлық сұратылған материалға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді, және жүргізіліп жатқан шұғыл-тергеу шаралары туралы ақпаратқа иелік етпейді», - делінген сәрсенбіде «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, «Қазгидромет» РМК топ менеджерлері пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.
«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі кезде, ақпарға сәйкес, жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады 23 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: