ҚазХҚжӘТУ акцияларының үштен бірі 1,7 млрд теңгеге сатылды

Күні: 15:34, 07-03-2019.

Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ – «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ жай акцияларының 35% -ы сауда-саттықта 1,728 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлады gosreestr.kz. сайтынан.
Нысанның бастапқы бағасы 1 млрд 711,279 млн теңге, кепілді жарнасы – 75,750 млн теңге құрады, сатылым бағасы – 1 млрд 728,435 млн теңге.
Сатылып жатқан акциялар саны 43,931 мың дана, орналастырылғанның ішінде – 125,517 мың дана.
Меммүлік және жекешелендіру комитетіне ҚазХҚжӘТУ жай акцияларының 35%-ы тиесілі. ҚазХҚжӘТУ қалған акционерлері: «Euro Lingua» ЖШС (2,486%), «International business and communication centre» ЖШС (17,514%), «Айтек Itec» ЖШС (45%).


Жаңалықтармен бөлісу: