Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қазхром» ТҰК» АҚ Eurasian Resources Group S.a.r.l (ENRC N.V.) холдингіне жарты миллиардтан астам АҚШ долларын қарызға бермек, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайтынан (KASE).
«Шешілді: қызығушылық танылып отырған ірі мәміле жасау. Тараптар: қарыз алушы – ENRC N.V. компаниясы, қарыз беруші – «Қазхром» ТҰК» АҚ. Мәміле мәні: траншпен беру мүмкіндігімен қарыз ұсыну. Қарыздың жалпы сомасы – $600 млрд (бағамы Т360/АҚШ доллары) дейін», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, мәмілені 7 141 822 акционердің 7 132 712 дауыспен қолдады. қарыз АҚШ долларымен секілді, теңгемен де ұсынып жатыр.
«Сыйақы мөлшері: АҚШ доллларымен – 5,125%-дан 10% дейін, қазақстандық теңгемен – 8% -дан 14% дейін. Қарызды қайтару мерзімі: әр траншты алған күннен бастап 180 күнтізбелік күнге дйеін, тааптардың келісімімен осы мерзімді 363 күнтізбелік күнге дейін ұзарту мүмкіндігімен», - делінген құдатта.
Атап өтелік, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазхром» ENRC (Eurasian Natural Resources Corporation) құрамына кірген.
«Қазхром» ENRC N.V. холдингіне жарты миллиардтан астам АҚШ долларын қарызға бермек
