«ҚазМұнайГаз» $1,5 млрд сомалық еуробондтар орналастырды

Күні: 11:13, 10-11-2014.

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) жалпы көлемі $1,5 млрд сомалық 10,5 жылдық және 30 жылдық еурооблигацияларды орналастырды, джелінген компания таратқан хабарда.
Құжатта айтылғандай, 2014 жылғы 7 қарашада Қазақстандағы ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ («ҚМГ» ҰК) 10,5 жылдық транш үшін 500 млн. АҚШ доллары сомасына 4.95% кірістілік ставкасымен  және 30 жылдық транш үшін 1 млрд. АҚШ доллары сомасына 6,10% кірістілік ставкасымен  жалпы көлемі 1.5 млрд. АҚШ доллары еурооблигациялар шығарылымын орналастыру бойынша мәміленің табысты аяқталғаны туралы хабарлайды. Reg S/144A форматындағы осы еурооблигациялар 10.5 жылдық транш бойынша 4,875% жылдық купон ставкасымен, 30 жылдық транш бойынша 6.000% жылдық купон ставкасымен. Еурооблигацияларға  BBB (Fitch) / BBB- (Standart&Poors) / Baa3 (Moody’s) рейтингтері берілді.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылатын болады. Бірлескен жетекші менеджерлер мен халықаралық букраннерлер болып Citigroup Global Markets Limited, Credit Suisse Securities (Europe) Limited, Deutsche Bank AG (Лондон), UBS AG (Лондон) тағайындалды. Қазақстанды букраннерлер мен жетекші менеджерлер ретінде «Skybridge Invest» АҚ және «Kazkommerts Securities» АҚ болды.
Осы шығарылым ТМД елдері ішіндегі 2014 жылғы Еурооблигациялардың ең үлкен корпоративтік шығарылымы болып табылады.  Лондода, Мюнхенд, Бостонда, Нью- Йоркте және Лос-Анджелесте роуд-шоу өткізілгеннен кейін ҚМГ ҰК 300-ден астам  институционалдық инвесторлар өтінім берді.
Еурооблигациялар шығарылымына коммертарий бере отырып, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Ардақ Қасымбек «Нарық конъюктурасы құбылып тұрғанда еурооблигациялармен осы мәмілені аяқтағанымызға өте ризамын. Бұл шығарылым бізге қаржыландырудың орташа құны мен кредиттік портфельді оңтайландыруға көмектеседі. Мен әріптестеріме және біздің консультанттарымызға алғысымды білдіремін және осы мәміленің аяқталуымен құттықтаймын» деп атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: