«ҚазМұнайГаз» басқармасының құрамында өзгерістер болды

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының құрамында өзгерістер болды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«Өзгеру мәні – таңдалды, тағайындалды; лауазымды тұлғаның ТАӘ – Дмитрий Салов; лауазымды тұлғаның қызметі – басқарма мүшесі», - делінген сәрсенбіде ҚМГ ұсынған құжатта.
Осылайша, ҚМГ басқармасының құрамында қазіргі таңда Сауат Мыңбаев, Қайрат Шәріпбаев, Құрманғазы Ісқазиев, Дәурен Қарабаев, Данияр Тиесов, Серік Әбденов, Ардақ Мұқұшов және Д. Салов бар.