ҚазТАГ тілшісі журналистерге арналған кітап шығарды

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Агенттік тілшісі Мәдина Әлімханова митинг туралы қалай хабар таратуға болатыны туралы кітап шығарды, деп хабарлады Silk Road мультимедиялық порталы.
«Жалпы кітап журналистерге ғана емес, митингке қатысатын немесе оларды өздері ұйымдастыратын белсенді азаматтық ұстанымы бар барлық қазақстандыққа қызық болады: Мәдина Әлімханова кітапқа осы тақырыптағы соңғы құқықтық актілердің барлығын жинастырған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, кітаптың электронды түрі adilsoz.kz сайтында «Кітапхана» бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған. Ал кітаптың қағаз түрін «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының кеңсесінде тегін алуға болады.

adimage