«Қазтелерадио» басқармасының төрағасы тағайындалды

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазтелерадио» АҚ басқармасының төрағасы тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Қазтелерадио» АҚ басқармасының төрағасы болып Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Нұрымжанов 2018-2019 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, оған дейін 2016-2017 жылдар аралығында Ұлттық банктің ақпараттық технологиялар департаментін басқарды, 2006-2016 жылдар аралығында Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры қызметін атқарған.

adimage