Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қубатбек Туратбеков. «Қазақстан қор биржасы» АҚ листингілік комиссия шешімімен «ҚазТрансАймақ» АҚ-ның бірінші шығарған облигациялары биржаның «Рейтингтік бағалауы бар борыштық құнды қағаздар» санатындағы ресми тізіміне енгізілді. Компанияның дамуы туралы жоспарлары жайлы және жоспарлап отырған қаржы тартулары туралы ҚазТАГ агенттігіне «ҚазТрансАймақ» АҚ қаржылық басқарушы директоры Нұржан Нұрланов айтып берді.
- Нұржан Нұрланұлы, компания алдында қандай міндеттер тұр? Компания қандай мақсаттарға қаражат тартпақшы?
- «ҚазТрансАймақ» АҚгаз тасымалдау және оны ақтық тұтынушыларға жеткізу саласында елдегі газданған 10 өңірдің 9-да жұмыс атқаратын Қазақстанның белді компаниясы болып табылады. Компанияның негізгі міндеті Қазақстан кәсіпорындары мен халқына үзбей газ жеткізіп отыру. Комнаия ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Ол еліміздің газданбаған аумақтарына газ құбырларын тарту және газданған аумақтарындағы газ тарату желілерін жетілдіруге бағытталады. Жобаларды іске асыру үшін компания өзінің жеке қаражатын салады, Қазақстан даму банкінің несиелерін тартады және қор биржасы арқылы облигацияны шығару арқасында инвесторлар қаражатын тартпақшы.
- Облигацияларды шығару арқылы қандай жобалар қаржыландырылады?
-Компания әу бастан-ақ өз жұмысында газбен қамтамасыз ету жүйесін техникалық жетілдіруге көп көңіл бөлген. Бұл ретте тозығы жеткен мыңдаған шақырым газ құбырын алмастыру да бар. Ал 2014 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларға Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шағын қалаларын газдандыру, Жамбыл облысындағы біріккен химия кешенінің нысандарын газдандыру, Қаратау химзауытының газ құбырын қайта жөндеуден өткізу, Жаңатас қаласында «Еурохим» ЖШС зауытын газдандыру, «Жаңажол-КС-13»магистралдық газ желісінен Жаңажол газ турбинасы электр стансасына (ГТЭС) тармақ ашу, «Ескене» ВСО үшін газ құбырын салу, Атырау МӨЗ үшін газ құбырын салу қарастырылған.
- Облигацияны шығарудағы негізгі көрсеткіштері қандай?
- Компания 50 млрд теңгелік облигациялық бағдарламаны және облигация аясында 12,4 млрд теңгелік алғашқы шығарылымды тіркетті. Шығару мерзімі – 5 жыл, купон мөлшерлемесі – жылдық 7,5%. Компания алғашқы шығарылым ол үшін дебюттік екенін, компанияның мәртебесі квазимемлекеттік газбен қамтамасыз ету кәсіпорны екенін, компания мен шығарылымға рейтингі «ВВ+» екенін ескерді.
- Компания Қазақстан қор биржасындағы сауданы қашан бастамақшы?
- Өңірлердегі газбен қамтамасыз етуге және газбен қамтылған аумақ географиясын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды үзбей іске асыру мақсатында компания облигацияларды саудаға салуды 2014 жылдан бастамақшы. Оның нақты күні «Қазақстан қор биржасы» АҚ сайтында жарияланады.
- Тартылған қаражатты сіздер қалай қайтармақшысыздар?
- Тартылған қаражатты кіріс пен компанияның амортизациялық төлемдері есебінен қайтармақшымыз. Компания «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында алғашқы болып «инвестиция қайтару тарифтерін» қолдануды бастады. Инвестициялық жобаларды іске асыру газ тасымалдауға инвестициялық тариф есебінен, немесе газ шығынын азайту және газ тасымалдау көлемін арттыру арқылы қосымша кіріс көзін ашуды қарастырады.
- Сіздіңше қаржылық тұрғысынан компанияның табысқа жетуіне қандай негізгі факторлар бар?
- «ҚазТрансАймақ» АҚеліміздегі барлық газданған өңірлердегі газ тарату желілерін біріктіріп болды және қазір газбен қамтамасыз етудегі ішкі нарықта бірегей оператор. Қазақстанның газбен қамтылған 9 өңірінде газ сатудан түскен қаражатты жинақтау арқылы компания сырттан қарыз тартуда банктер мен басқа да кредиторлар үшін тартымды болып табылады. Компанияның менеджментінің жоғарғы кәсібилігін атап өтуіміз керек. Соңғы 10 жылда компания жүйелі түрде МС ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001талаптарына сай менеджмент жүйесін енгізіп келеді. Сонымен қатар 2012 жылы МС ИСО 31000стандарына сай тәуекел-менеджмент жүйесі енгізілді. 2013 жылы «ҚазТрансАймақ» АҚ-ның 50-ден астам басшылары Еуропалық сапа менеджментін (EFQM)іскерлік тұрғыдан жетілдіру әдісі бойынша «Кемелденуге ұмтылыс» деңгейінде оқудан өтті.
- Сұхбатыңызға рахмет!